You are here

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеуден жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 Қаулысына (әрі қарай – Ереже) сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Ереженің 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi, хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде төменде көрсетілген құжаттар тізімін ұсынады:

  1. Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
  2. салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
  3. бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы 2020 жылдың 4 ақпандағы дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келесі мекен-жайы бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, 335-В кабинет, тел. 74-12-97, 74-08-44  (кеңсе).

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне 74-09-47, 75-09-84 телефон нөмірлері бойынша жүгінуге болады.

Іс-шара мерзімі : 
Сейсенбі, 21 қаңтар, 2020
Орналастырылған: 21.01.2020
Жаңартылған: 21.01.2020

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы