You are here

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда  № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Min

max

С-3

154 072

208 205

С-4

138 248

186 551

С-5

    104 102   

               140 746

Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс,
3 қабат, 351 кабинет, анықтама үшін телефондары: +7(7172)74-12-19, e-mail: a.tuyakova@ecogeo.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Заң қызметі департаменті Мемлекеттік органның қызметін құқықтық қамтамасыз ету  басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 17-3-1

Функционалды міндеттері:  Басқарманың жұмысына басшылық ету: Министрлікте заңнаманы насихаттау, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Министрліктің атынан Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау, шарттардың уақтылы жасалуын, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет және/немесе құқық және/немесе азаматтық құқық және/немесе құқық (құқықтану) және/немесе юрисконсульт)

  1. Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Цифрландыру басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 19-1-1

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысын ұйымдастыру, жалпы басшылық және жоспарлау; Ақпараттандыру саласындағы функцияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығына ұсыну; Министрліктің құзыретіне жататын ақпараттандырудың басым проблемаларын шешуге бағытталған саясатты жүргізу; Министрліктің саласын цифрландыру бойынша жаңа бастамаларды енгізу және дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде цифрландыру жұмыстарын үйлестіру»; Цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс топтары мен басқа да кеңесші органдардың қызметіне, кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысу; Цифрландыру бағыты бойынша Министрліктің басқа бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл; "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, қарау және келісу» Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды құру, енгізу мәселелері бойынша орталық аппарат пен комитеттердің қызметін қамтамасыз ету, сыртқы ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; Министрлік басшылығына баяндамалар дайындау үшін қажетті анықтамалар мен басқа да талдамалық материалдар жасау;  Басқарманың құзыретіне қатысты бағыттар тиімділігін бағалау бойынша іс-шаралар өткізу;  Басқарма қызметкерінің Министрлік басшылығының бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдерін, тапсырмаларын, бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды, кіріс хат-хабарларды және бақылау құжаттарын уақтылы және сапалы орындауын қамтамасыз ету; белгіленген тәртіппен Министрлік алқасы отырыстарының жұмысына, сондай-ақ Министрлік басшылығы өткізетін кеңестерге қатысу. Басқарма қызметкерінің Министрліктің жұмыс регламентін, сондай-ақ орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе математикалық және компьютерлік модельдеу және/немесе инженерлік жүйелер және желілер); білім (математика және/немесе информатика); құқық (құқықтану); жаратылыстану ғылымдары (математика және/немесе информатика және/немесе экология)

  1. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты,
    1 бірлік, № 24-0-2

Функционалды міндеттері: Министрліктің ақпараттандыру объектілерін құруды, сүйемелдеуді және дамытуды талдау, ақпараттық қауіпсіздіктің техникалық құжаттамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, ақпараттық қауіпсіздікті құжаттық ресімдеуді бақылау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде активтерді басқаруды бақылау, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану заңдылығын бақылау, ақпараттық қауіпсіздік саласында тәуекелдерді басқаруды бақылау – ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының тіркелуін бақылау және ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін жүргізу, ақпараттық қауіпсіздіктің сыртқы аудитін ұйымдастыруды бақылау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етуді бақылау, персоналды басқару кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, "Электрондық үкіметтің"ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануы шеңберінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, қарау және келісу; Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жұмыс топтарының және басқа да кеңесші органдардың қызметіне, кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысу; Министрлік басшылығының бұйрықтарының, өкімдерінің, шешімдерінің, тапсырмаларының, бекітілген бағдарламалар мен жоспарлардың, кіріс хат-хабарларының және бақылау құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Министрліктің алқа отырыстарының жұмысына, сондай-ақ министрліктің басшылығы өткізетін кеңестерге белгіленген тәртіппен қатысу. Министрліктің жұмыс Регламентін, сондай-ақ орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе инженерлік жүйелер және желілер); әскери ісі және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері); білім (математика және/немесе информатика); құқық (құқықтану); жаратылыстану ғылымдары (математика және/немесе информатика)

  1. Персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 2 бірлік,
    № 20-1-3, 20-1-4

Функционалды міндеттері: Қызметкерлерді тағайындау, жұмыстан шығару бойынша бұйрықтарды ресімдеу; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға кадрлық резервтен ауыстыру және тағайындау бойынша құжаттарды ресімдеу; біліктілік талаптарының жинағын әзірлеу; қызметкерлердің демалысын жоспарлау және демалыс туралы бұйрықтарды ресімдеу; міндетті арнайы тексеруге құжаттарды бақылау және ресімдеу; іссапарларды жоспарлау және қызметкерлердің іссапарлары туралы бұйрықтарды ресімдеу; азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу;қызметкерлердің қызметтік куәліктерімен қамтамасыз ету.; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберу және көтермелеу үшін мемлекеттік наградаларға материалдар дайындау; министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және оқыту кестесін жасау; Министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне апта сайын бағалау жүргізуді ұйымдастыру; жеке істерді қалыптастыру және жүргізу; әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің антын қабылдауды ұйымдастыру және өткізу; Министрлік қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу;тағылымдаманы, тәлімгерлікті ұйымдастыру, Министрлік қызметкерлерінің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру; конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру; ПМК-де статистикалық есепті құру,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне мемлекеттік қызметшілердің құрамы мен ауысуы туралы есептерді құру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын уақтылы орындау; заңнамаға, басқарманың міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе саясаттану және/немесе экономика және/немесе психология және/немесе әлеуметтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару)

  1. Тәртіптік іс жүргізу басқармасының бас сарапшысы,  С-4 санаты, 1 бірлік,
    № 20-2-2

Функционалды міндеттері: Министрліктің кадр саясатын жүргізуге қатысу, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тартуға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу; қызметтік тексерулер жүргізу, тәртіптік комиссияға материалдар жүргізу және дайындау, ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтерінің жұмысына әдістемелік басшылық жасау; Министрлікте, ведомстволарда және аумақтық органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын уақтылы орындау; заңнамаға, басқарманың міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет және/немесе құқық); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (психология және/немесе әлеуметтану және/немесе конфликтология)

  1. Климат саясаты және жасыл технологиялар департаменті Төменкөміртекті даму басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік, № 13-1-4

Функционалды міндеттері: Климаттың өзгеруіне бейімделу, озон қабаты, парниктік газдардың антропогендік шығарындылары мен сіңірулерін реттеу және озонды бұзатын заттарды тұтыну және климаттың өзгеруін қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу; БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және Киото хаттамасының, Жердің озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясының және озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының ережелерін іске асыруды жүзеге асыру; климаттың өзгеруіне бейімделу, климаттың өзгеруіне бейімделу, озон қабаты, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу және озонды бұзатын заттар және климаттың өзгеруін қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және орындауды ұйымдастыру; жаһандық жылыну, климаттың және озон қабатының өзгеру процестеріне бейімделу және салдарларының алдын алу саласындағы ғылыми зерттеулерге, жарияланымдарға шолуды жүзеге асыру; климатты және озон қабатын қорғау саласындағы келісімдер мен меморандумдарды келісу; өз құзыреті шегінде заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу; көздерден антропогендік шығарындыларды және парниктік газдарды сіңіргіштермен абсорбциялауды бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ институционалдық, құқықтық және рәсімдік тетіктерді ескере отырып, оны жүргізу тәртібін әзірлеу; парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін және озонды бұзатын заттарды жыл сайынғы Ұлттық түгендеуді жүргізуді қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету; БҰҰ КӨНК шеңберінде халықаралық келіссөздер процесіне, сондай-ақ климаттың өзгеруі және Жердің озон қабатын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және елішілік іс-шараларға қатысу; парниктік газдардың мемлекеттік кадастрын және озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді және оны жүргізу тәртібін әзірлеуді ұйымдастыру; статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті аумақтарда климатты және жердің озон қабатын қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін айқындау; Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру жөніндегі жобаларды қарау және мақұлдау; парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды іске асыру туралы есептерді қарау; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия және/немесе су ресурстары және суды пайдалану және/немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қоргау); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (экология және/немесе гидрология және/немесе метеорология)

  1. Климаттық саясат пен жасыл технологиялар департаменті «Жасыл» технологиялар және жобалар басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік, № 13-3-3  (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 25 маусымға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік демалысы мерзіміне)

Функционалды міндеттері: «Жасыл» технологияларды дамытуда мемлекеттік саясатты қалыптастыру, енгізу және мониторинг жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлейді;Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «жасыл» технологияларды және төменкөміртекті дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық шарттарды іске асыруды жүзеге асырады; «жасыл» технологияларды трасферттеу және ендіру бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді; «жасыл» технологияларды дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және орындалуын ұйымдастырады; «жасыл» технологияларды ендіру және трансферттеуді қолдау бойынша халықаралық іс-шараларға қатысады; «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын одан әрі ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг және үйлестіруді жүргізеді; ең озық қолжетімді технологиялардың тізбелерін әзірлейді және олардың тізілімін әзірлейді; «жасыл» технологиялар саласындағы ақпарат тарату және ағарту жүйесін дамытуға қатысады; «жасыл» технологияларға инвестициялауға қатысты бизнесті ынталандыру бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысады; ЖКСБ шеңберінде «жасыл» технологияларды енгізу және олардың трансфертіне талдау және мониторинг жүргізеді; өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;өз құзыреті шегінде реттелетін облыстарда өңірлік бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын келісуге қатысады;экологиялық, төмен көміртекті жасыл жобаларды іске асыру бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмысын үйлестіреді;өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (мұнайгаз ісі және/немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе техникалық физика және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе металлургия); ауыл шаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану және/немесе аграрлық техника және технология және/немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қоргау); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (экология)

  1. Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Өнеркәсіптік қалдықтар басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік, № 12-1-5

Функционалды міндеттері: Қауіпті қалдықтар паспорттарының тізілімін, қалдықтарды орналастыру объектілерінің кадастрлық істерін есепке алуды жүргізу, қауіпті қалдықтар бойынша есептерді, кәсіпорындардың қалдықтарын түгендеу материалдарын жинақтау; Экология департаменттерінің мәліметтері бойынша зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастыру; қауіпті қалдықтар бойынша есеп беру; сот шешімімен республикалық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтарды басқаруды ұйымдастыру; республикалық меншікке түскен қалдықтарды есептеуді жүргізу; өнеркәсіптік және қауіпті қалдықтар жөнінде есеп жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау  және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша)); ауыл шаруашылық ғылымдары (топырақтану және агрохимия және/немесе балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау және/немесе су ресурстары және суды пайдалану және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қоргау); білім (химия және/немесе өсімдіктану); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе химия және/немесе экология).

  1. Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қатты тұрмыстық қалдықтар басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік, № 12-2-4

Функционалды міндеттері: ҚТҚ басқару жұмыстарын үйлестіру; ҚТҚ секторындағы  инвестициялауды негіздеу жұмыстарын үйлестіру; халықаралық құжаттарды (конвенциялар, хаттамалар) орындауды қамтамасыз ету; халықаралық ұйымдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру;  Министрліктің бағдарламалық құжаттарын, Министрліктің, Департаменттің жұмыс жоспарларын орындауды қамтамасыз ету; өңірлік бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын қарау; Министрліктің жұмыс регламентін сақтау; Департаменттің жұмысын регламенттейтін құжаттарды дайындауға, ҚТҚ басқару  саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және қарауға қатысу; Министрліктің басқа бөлімшелермен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен Департаменттің өзара әрекет етуін жүзеге асыру; құпия режимін сақтау; орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау, Министрлік, Департамент басшыларының бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдерін, тапсырмаларын, бекітілген бағдарламалардың және жоспарлардың, кіріс хат-хабарлардың және бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша)); ауыл шаруашылық ғылымдары (топырақтану және агрохимия және/немесе балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау және/немесе су ресурстары және суды пайдалану және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қоргау); білім (химия және/немесе өсімдіктану); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе химия және/немесе экология)

  1. Заң қызметі департаменті Талап-арыз жұмысы басқармасының сарапшысы,                        С-5 санаты, 1 бірлік, № 17-2-3

Функционалды міндеттері: Министрліктің талап-арыз жұмысын жүзеге асыру; талап-арыздарды, талап-арыздарға пікірлерді, апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдарына, прокуратура органдарына апелляциялық және қадағалау наразылықтарын, апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтарды келтіру туралы өтінішхаттарды жасау; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету, Министрліктің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағым жасау жөнінде уақтылы шаралар қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет және/немесе құқық және/немесе азаматтық құқық және/немесе құқық (құқықтану) және/немесе юрисконсульт)

  1. Персоналды дамыту  басқармасының сарапшысы,  С-5 санаты, 1 бірлік,
     № 20-1-5

Функционалды міндеттері: Қызметкерлерді тағайындау, жұмыстан шығару бойынша бұйрықтарды ресімдеу; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға кадрлық резервтен ауыстыру және тағайындау бойынша құжаттарды ресімдеу; біліктілік талаптарының жинағын әзірлеу; қызметкерлердің демалысын жоспарлау және демалыс туралы бұйрықтарды ресімдеу; міндетті арнайы тексеруге құжаттарды бақылау және ресімдеу; іссапарларды жоспарлау және қызметкерлердің іссапарлары туралы бұйрықтарды ресімдеу; азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу;қызметкерлердің қызметтік куәліктерімен қамтамасыз ету.; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберу және көтермелеу үшін мемлекеттік наградаларға материалдар дайындау; министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және оқыту кестесін жасау; Министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне апта сайын бағалау жүргізуді ұйымдастыру; жеке істерді қалыптастыру және жүргізу; әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің антын қабылдауды ұйымдастыру және өткізу; Министрлік қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу;тағылымдаманы, тәлімгерлікті ұйымдастыру, Министрлік қызметкерлерінің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру; конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру;ПМК-де статистикалық есепті құру,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне мемлекеттік қызметшілердің құрамы мен ауысуы туралы есептерді құру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын уақтылы орындау; заңнамаға, басқарманың міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе саясаттану және/немесе экономика және/немесе психология және/немесе әлеуметтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару)

  1. Тәртіптік іс жүргізу басқармасының сарапшысы,  С-5 санаты, 1 бірлік, № 20-2-3

Функционалды міндеттері: Министрліктің кадр саясатын жүргізуге қатысу, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тартуға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу; қызметтік тексерулер жүргізу, тәртіптік комиссияға материалдар жүргізу және дайындау, ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтерінің жұмысына әдістемелік басшылық жасау; Министрлікте, ведомстволарда және аумақтық органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын уақтылы орындау; заңнамаға, басқарманың міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет және/немесе құқық); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (психология және/немесе әлеуметтану және/немесе конфликтология)

  1. Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты,

1 бірлік, № 23-0-3

Функционалды міндеттері: Құпия іс жүргізуді, оның ішінде жабық байланыс жүйесі бойынша ұйымдастыру және жүргізу, шифрланған байланыстың құпиялық режимін білу және қатаң қамтамасыз ету, ақпаратты техникалық қорғау бойынша, осы саладағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, істер номенклатурасын әзірлеу, құжаттардың орындалу мерзімін бақылау, өндіріспен аяқталған істерді қалыптастыру, істерді Орталық мұрағатқа беру, рұқсат беруді ресімдеу, ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын есепке алу, мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару)

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-4 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_____________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу  конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________

__________________________________________________________________

 

____________________________________

(қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА

НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

       

 

Іс-шара мерзімі : 
Дүйсенбі, 14 қазан, 2019

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы