You are here

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес3;

сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басқарма бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екi жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

С-О-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу органдарының басшылық лауазымдарында, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.

С-О-2 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда  № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Min

max

С-1

289 629

391 105

С-О-1

182387

246515

С-О-2

163 232

220 697

Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс,
3 қабат, 351 кабинет, анықтама үшін телефондары: +7(7172)74-12-19, e-mail: a.tuyakova@ecogeo.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаментінің директоры, С-1 санаты, 1 бірлік, № 12-0-1

Функционалды міндеттері: Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету; қалдықтармен жұмыс істеу және басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдарының қызметтерін үйлестіру.

Құпия режимін сақтауды қамтамасыз ету.

Департамент жұмыстарын ұйымдастыру, жалпы басқару және жоспарлау, Министрлік басшылығына белгіленген қызметкерлер саны шегінде Департаменттің құрылымы мен штат кестесіне ұсыныстар беру, Департаменттің жұмыс жоспарын бекітуге белгіленген тәртіп бойынша ұсыну, Департаменттің Министрліктің басқа бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, Департамент қызметкерлері арасындағы міндеттерін бөлісу, Департамент қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау мақсатында төмендегіні қамтамасыз ету:

-   Департамент құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттеріне қол жеткізу;

- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау;

- Департамент қызметкерлерімен ақпараттық технологияларды қолдану;

- Департамент қызметкерлерін басқару және атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету;

Министрліктің Жұмыс регламентінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру, Департамент жұмысын регламенттейтін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын жасауын, қарастыруын және келісуін ұйымдастыру.

Департамент қызметкерлерінің бұйрықтарды, өкімдерді, шешімдерді, Министрлік басшылығының тапсырмаларын, бекітілген бағдарламалар мен жоспарларын, кіріс хат-хабарларын және бақылау құжаттарын уақтылы және сапалы орындауына бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің Алқасының отырыстары жұмыстарына, сондай-ақ Министрлік басшылығымен өткізілетін кеңестеріне белгіленген тәртіпте қатысу.

Департамент құзіретіне қатысты мәселелер бойынша міндеттерді орындау және шешімдер қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша)); ауыл шаруашылық ғылымдары (топырақтану және агрохимия және/немесе балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау және/немесе су ресурстары және суды пайдалану және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қоргау); білім (химия және/немесе өсімдіктану); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе химия және/немесе экология)

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және  бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы  бойынша экология департаментінің басшысы, С-О-1 санаты, № 28-05-16

Функционалды міндеттері: Департаменттің ағымдағы және перспективалы тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік пен Комитет басшылығының бұйрықтарын, тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;   Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру; Департаменттің әкімшілік-қаржылық, кадрлық және құқықтық жұмыстарын ұйымдастыру; құзыретіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік бақылауды жүргізу жұмыстарын үйлестіру; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, немесе тау-кен ісі, немесе мұнай-газ ісі, немесе металлургия, немесе геодезия және картография, немесе бейорганикалық заттардың химиялық  технологиясы, немесе органикалық заттардың химиялық  технологиясы, немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, немесе стандарттау, сертификаттау және метрология, немесе пайдалы қазбаларды байыту, құрылыс), немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану, немесе топырақтану және агрохимия, немесе аграрлық техника және технология), немесе жаратылыстану ғылымдары (химия немесе биология, немесе экология гидрология, немесе метеорология), немесе құқық (заңтану).

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және  бақылау комитетінің Атырау облысы  бойынша экология департаментінің басшысы, С-О-1 санаты, № 28-06-7

Функционалды міндеттері: Департаменттің ағымдағы және перспективалы тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік пен Комитет басшылығының бұйрықтарын, тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;   Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру; Департаменттің әкімшілік-қаржылық, кадрлық және құқықтық жұмыстарын ұйымдастыру; құзыретіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік бақылауды жүргізу жұмыстарын үйлестіру; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, немесе тау-кен ісі, немесе мұнай-газ ісі, немесе металлургия, немесе геодезия және картография, немесе бейорганикалық заттардың химиялық  технологиясы, немесе органикалық заттардың химиялық  технологиясы, немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, немесе стандарттау, сертификаттау және метрология, немесе пайдалы қазбаларды байыту, құрылыс), немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану, немесе топырақтану және агрохимия, немесе аграрлық техника және технология), немесе жаратылыстану ғылымдары (химия немесе биология, немесе экология гидрология, немесе метеорология), немесе құқық (заңтану).

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы, С-О-1 санаты, 1 бірлік, №30-1-11

Функционалды міндеттері: Инспекция жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық жасау; орман және аңшылық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің басқа да ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалануды мемлекеттік реттеу және қамтамасыз ету; орман ресурстары мен жануарлар дүниесі ресурстарын қорғауға, күзетуге, молықтыруға және пайдалануға, ЕҚТА-ның жай-күйі мен қызметіне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру; Инспекцияның құзыреті шегінде орман және аңшылық шаруашылығы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау; Инспекцияның қарауындағы құжаттардың орындалуына бақылау жасау; мемлекеттік сатып алулардың жүргізілуіне бақылау жүргізу; инспекцияны қаржыландыру, кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне басшылық жасау; өз құзыреті шегінде Инспекциядағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: ауыл шаруашылығы ғылымдары (балық шаруашылығы  және өнеркәсіптік балық аулау немесе аңшылықтану және аң шаруашылығы, немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы, немесе аграрлық техника және технология) немесе ветеринария (ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария) немесе құқық (заңтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе қаржы, немесе есеп және аудит, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару)

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы, С-О-1 санаты, 1 бірлік, №30-1-12

Функционалды міндеттері: Инспекция жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық жасау; орман және аңшылық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің басқа да ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалануды мемлекеттік реттеу және қамтамасыз ету; орман ресурстары мен жануарлар дүниесі ресурстарын қорғауға, күзетуге, молықтыруға және пайдалануға, ЕҚТА-ның жай-күйі мен қызметіне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру; Инспекцияның құзыреті шегінде орман және аңшылық шаруашылығы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау; Инспекцияның қарауындағы құжаттардың орындалуына бақылау жасау; мемлекеттік сатып алулардың жүргізілуіне бақылау жүргізу; инспекцияны қаржыландыру, кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне басшылық жасау; өз құзыреті шегінде Инспекциядағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: ауыл шаруашылығы ғылымдары (балық шаруашылығы  және өнеркәсіптік балық аулау немесе аңшылықтану және аң шаруашылығы, немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы, немесе аграрлық техника және технология) немесе ветеринария (ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария) немесе құқық (заңтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе қаржы, немесе есеп және аудит, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны
__________________________________________________________________

                                                        ____________________________________
(қолы)                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

     

«____»_______________ 20__ ж.

Іс-шара мерзімі : 
Дүйсенбі, 11 қараша, 2019

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы