You are here

2019 жылғы аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-да өткізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі   М. Мырзағалиевтің тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі аудит департаменті «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі – РМК) Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының сақталуына жоспардан тыс аудит жүргізді.

Сәйкестік аудитімен бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу, кадр жұмысы, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу, автокөлік құралдарын ұстау, еңбекақыны есептеу және төлеу, сондай-ақ басқа да мәселелер қамтылған.

Жалпы сомасы 61 923,0 мың теңгеге 46 тармақтан тұратын бұзушылық анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 13 440,7 мың теңге сомасын (оның ішінде 985,1 мың теңге сомасында өтелуге, 12 455,6 мың теңге қалпына келтіруге жатады. Аудит барысында РМК кірісіне 616,9 мың теңге өтелді), рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 48 482,3 мың теңгені құрады.

Аудит барысында, РМК-ның қызметкерлеріне лауазымдық міндеттерді орындау кезінде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуы және дұрыс пайдаланылуы бөлігінде әдістемелік-консультациялық көмек көрсетілді.

Ішкі рәсімдерді, қағидаларды, процестерді жақсарту мақсатында және РМК қызметінің тиімділігін және жұмыс нәтижелігін арттыру, оның ішінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге ықпал ететін себептерді жоюға және оны болдырмауға ықпал ететін аудиторлық іс-шараның нәтижелері ескеріле отырып, орындау үшін РМК-ға 13 ұсыным жіберілді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 207, 238 - баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікті көздейтін материалдар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.

Іс-шара мерзімі : 
Бейсенбі, 28 қараша, 2019

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы