You are here

Жаңалықтар

11.11.2019 г.

Қазақстанның Экология министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін ашты

Осы аптаның бірінші күні Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ашылуына қатысты. Жобалық кеңсені "Қазақстанның экологиялық мекемелерінің ассоциациясы" ЗТБ төрағасы Айгүл Соловьева басқарды. 

"Жобаға сәйкес министрліктің ресми сайтында және көп таралған әлеуметтік желілерде, халықпен ақпараттық өзара іс-қимыл жасалады  (Instagram, Facebook, Вконтакте, Mail.Ru). Министрліктер үйіндегі рұхсатнама бюросының аумағында, азаматтарды қабылдауға арнайы кабинет ашылды. Бірінші басшылар мен тиісті құрылымдық мекемелер басшыларымен қажетті байланыс орнату үшін арнайы жедел телефон желісі қойылды. Ұйымдастыру шараларының жобасы бойынша, Экология министрлігінде тиісті сауалдарды қарастыру үшін алгоритм әзірленді" деп атап өтті министр М. Мырзағалиев.

Министрлік басшысы бұл алаңның "тиімді және қажетті" болуы үшін жобаның жұмысын өзі жеке бақылауға алатынын ескертті. Сонымен қатар, комитеттердің бірінші басшылары мен құрылымдық бөлімше басшыларының жоба сұрақтарына жедел өзара жауап беруге байланысты жеке жауапкершілікте болатынын да тапсырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствоның негізгі бағыты болып қала беретіні де осы шара барысында айтылды. Министрлік құрылған сәтте осы бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берілген. Аталмыш тапсырмалар персоналды реттеу, қабылданған шешімдердің ашықтығы, шешім қабылдауға қоғамның қатыстылығы, өтініштерді уақтылы және сапалы қарап, олардың қайталануын жою қатарлылар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өз кезегінде министрлік пен күллі қызметкерлерді жобалық кеңсенің ашылуымен құттықтады және сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында қабылданған шаралар туралы айтты. Ол сонымен қатар, жоба орталық басқарма қабырғаларында қалмай, ел аймақтарындағы аумақтық бөлімшелерге, ведомстволық бағынысты ұйымдарға да таратылуы керек деген тілегін қоса айтты.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы