You are here

Жаңалықтар

06.11.2019 г.

2019-2020 жылдар аралығындағы вегетациялық кезеңінде су қақпаларының лимитін Орталық Азия мемлекеттері бекітті.

Бүгін Алматы қаласында Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының (МҮСК) 77-ші отырысы өтті.
⠀⠀⠀
Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 77-ші отырысына Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Громов Сергей, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстар комитетінің Төрағасы Тұрлыбек Арман, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Хамраев Шавкат, Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрлігі су-энергетика саясаты, ғылым мен техниканы дамыту басқармасының бастығы Далер Абдуразокзода, Түрікменстанның Су шаруашылығы мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Довлетмурад Маммедов қатысты.
⠀⠀⠀
Отырыс барысында Сырдария және Әмудария өзендерінің бассейндері бойынша 2019 жылғы вегетациялық кезеңде су қоймалары каскадтарының жұмыс режимі мен лимиттерін пайдалану қорытындылары талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2019-2020 жылдар аралығында Сырдария және Амудария өзендерінің бассейндері бойынша елдердің су алу лимиттері мен су қоймалары каскадтарының болжамдық жұмыс режимі бекітілді.
⠀⠀⠀
Сондай-ақ, 2018 жылғы 24 тамызда Түркменбаши қаласында өткен Саммитте айтылған ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттер басшыларының бастамаларын іске асыру жөніндегі МҮСК ҒАО ақпараты қаралды.
⠀⠀⠀
Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының кезекті 78-ші отырысы Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында 2020 жылдың бірінші онкүндігінде өтеді.


 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы