Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

Мирзагалиев Магзум Маратович
Мирзагалиев Магзум Маратович

1978 жылы 7 қарашада ҚазКСР Алматы қаласында туған. О. Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектебінде оқыған.

1999 жылы «Тұран» университетін «халықаралық экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын осы халықаралық экономист мамандығы бойынша аяқтайды.

«Тұран» университетінде оқи жүріп, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде білім алады. Оны аяқтаған соң, «Мұнайгаз кенорындарын әзірлеу» біліктілігін алады.

Еңбек жолын 1997 жылы «Жартас» ЖШС-да менеджер болып бастайды. 2000-2001 жылдары Ақмола облысы орман және биоресурстар басқармасында істейді. 2001 жылы Қазақстандағы Теңіз және РФ-дағы Батыс Сібір кенорындарында бұрғылау ертіндісі инженері болады. Бұл кенорындарын әлемге танымал, геологиялық барлау, бұрғылауды басқару саласындағы халықаралық көшбасшының бірі «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) зерттеген.

2002 жылы «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) қазақстандық филиалының компанияның карьералық өсу бағдарламасына іріктеліп алынады. АҚШ пен Малайзияда оқып, тағылымдамадан өтеді. Бұл бағдарлама компанияда 2002 жылы іске қосылды.

Мақсаты: компанияның болашақ басшылары – 20 жас маман «дуалдық оқу» принципімен қарқынды дайындықтан өткізіледі. Бағдарлама бойынша іріктелген мамандар түрлі кенорындарында (Мексика бұғазы, Малайзия теңіз кенорны, батыс Сібір және басқалары) жұмыс істеп, АҚШ-тағы компанияның корпоративтік орталықтарында оқиды.

Қазақстанға келген соң, Қазақстандағы «MIDrillingFluidsInternational» филиалында бизнесті дамыту менеджері, кейін басшысы болып тағайындалады.

2007 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ТеңізСервис» ЖШС бас директорлығына шақырылады. Бұл лауазымда Мағзұм Мырзағалиев 2010 жылға дейін жұмыс істейді.

2010 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры болып тағайындалады.

2012 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болады.

2013 жылы Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі ретінде мемлекеттік қызметке шақырылады.

2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаңа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Жаңа ведомствоның министрі болып, Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды.

Үйленген, бес бала тәрбиелеуде.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы

Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы
Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы

Сәбит Нұрлыбай 1967 жылы дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын инженер-механик, А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты.

1991-1992 жж. – «Жанар» инновациялық кәсіпорны директорының орынбасары

1992-1994 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі жанындағы «Қазақстан-сервис» мекемесінің жетекші маманы

1995 ж. –  Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жетекші маманы

1996-1997 жж. –  Қазақстан Республикасы Парламенті Іс басқармасының референті, кеңесшісі

1997-1998 жж. –  Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының бөлім басшысы

1998 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Ұйымдастыру департаментінің директоры

1998-1999 жж. –  Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Әкімшілік-ұйымдастыру, әкімшілік-кадрлық департаментінің директоры

1999-2001 жж. –  Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры

2001-2002 жж. –  Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры

2002-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі жөніндегі комитет соттарының әкімшісі

2004-2006 жж. –  Астана қаласының Тұрғын үй департаментінің директоры

2007 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Департамент директоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы

2007-2009 жж. –  Аппарат басшысы, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі

2009-2017 жж. –  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары

2017-2018 жж. –  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Төрағасының м. а., Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары

2018 ж. –  Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кеңесшісі

2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі

2019 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

Өзге қызмет түрлері:

19.07.18-31.03.19 – Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының директорлар кеңесінің төрағасы.

06.09.18 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – «Жасыл Даму» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «ІІ дәрежелі Әскери қызметтегі ерекшелігі үшін», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», Астанаға 20 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл» медальдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

Нысанбаев Ерлан Нұралиұлы
Нысанбаев Ерлан Нұралиұлы

1961 жылы 11 тамызда Алматы облысының Подгорное ауылында дүниеге келген.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1983) орман шаруашылығы инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (2008).

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (2010).

Еңбек өтілімі:

Ұйғыр орман шаруашылығы мастері (1983-1984);

Ұйғыр райком комсомолының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушінің орынбасары, меңгерушісі (1984-1989);

Алматы облком комсомолының ауыл шаруашылығы секторының меңгерушінің орынбасары, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1989-1991);

«КРАМДС-Агро» ғылыми-өндірістік фирманың бас маманы (1991-1992);

«Акжол-ИМПЭКС» сыртқы сауда фирмасының директоры (1992-1994);

«Нысана» шаруа қожалығының төрағасы (1994-1996);

«Сельхозэнерго» РӨБ басшысы (1996-2000);

Атырау облысының әкімшілік аппаратының «Шаруашылық» РМҚК әкімшілік-шаруашылық қызметі департаментінің басшысы (2000-2002);

«Лейер» ЖШС директоры (2002-2003);

«Зеленстрой» РМК директордың бірінші орынбасары (2004-2005);

«Зеленстрой» » РМК директоры (2005-2006);

«АстанаЗеленстрой» АҚ бас директоры (2006-2009);

Қарағанды облысы Тұзды Бұхар-Жырау ауылдық оругының әкімі (07.2009-08.2009);

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы (08.2009-01.2013);

ҚР Қорғашан ортаны қорғау вице-министрі (02.2013-08.2014);

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі (с 08.2014);

Астана қаласы маслихатының депутаты (2007-2009);

Депутат маслихата города Астаны (2007-2009);

Мемлекеттік және халықаралық наградалар:

Медали: «Ерен еңбегі үшін» (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008)

Вице-министр экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Примкулов Ахметжан Абдижамилович
Примкулов Ахметжан Абдижамилович

Родился 25 марта 1979 года., казах, образование высшее, в 2000 году окончил Таразский государственный университет имени М.Х. Дулати по специальности «экономист», в 2003 году – Казахский Государственный Юридическимй Университет по специальности – юрист, а 2005 году - Таразский государственный университет имени М.Х. Дулати, магистр юриспруденции.

Кандидат юридических наук.

В период с 2001 по 2004 годы работал специалистом Жамбылской областной прокуратуры г.Тараз;

В 2004-2005 гг – специалистом Алматинского городского суда г.Алматы;

2005-2009 гг. – судья Жетысуйского районного суда №2, г.Алматы;

2009-2010 гг.-Администратор судов г.Алматы;

2010-2012 гг. –Руководитель Канцелярии суда г.Алматы;

2012-2016 гг. –Заместитель председателя Комитета экологического регулирования и контроля государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики РК;

С 2016 по ноябрь 2017 года – Председатель Комитета по контролю в сфере науки и образования Министерства образования и науки Республики Казахстан;

C 2017 года по июль 2019 года - Председатель Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан.

С июля 2019 года – Вице-министр экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Имеет нагрудные знаки: «Сот жүйесінің құрметті қызметкері», «Экология саласының үздігі».

Награжден медалью «Ерен еңбегі үшін»

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

Громов Сергей Николаевич
Громов Сергей Николаевич

Сергей Николаевич Громов 1959 жылы 6 қаңтарда дүниеге келді, білімі жоғары.

1981 жылы «гидромелиорация» мамандығы бойынша Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын;

1991 жылы – «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша Алматы саясаттану және басқару институтын;

2002 жылы – «құқықтану» мамандығы бойынша «Әулие-Ата» университетін бітірді.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

1981 жылдың 16 қаңтардан бастап 1983 жылдың 10 қаңтар аралығында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді.

1983 жылдың 11 қаңтардан бастап 1983 жылдың 29 қараша аралығында – Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі.

1983 жылғы 5 қарашадан бастап Жамбыл облысы Қазақстан ЛКЖО-ның Жувалы аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

1985 жылдың 10 қазаннан бастап Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Билікөл» совхозының партия комитетінің хатшысы болып сайланды.

1988 жылдың 29 мамырдан бастап1991 жылдың 10 тамызына дейін Жамбыл облысы Қазақстан Компартиясы Луговой аудандық комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды.

1991 жылдың 22 тамыздан бастап 1992 жылдың 17 ақпанына дейін Ресей Федерациясының Краснояр өлкесінің «Крымский» Агроөнеркәсіп комбинаты сыртқы экономикалық байланыстар тобының бас маманы болып жұмыс істеді.

1991 жылдың 6 желтоқсаннан бастап 1993 жылдың 18 қаңтарына дейін «Ресей аграрлық технологиялар» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры қызметін атқарды.

1993 жылдың 18 қаңтардан бастап 1994 жылдың 20 қарашасына дейін «Алтрос» фирмасы» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

1994 жылдың 20 қарашадан бастап 1996 жылдың 12 тамызына дейін «Алтрос-Агро» фирмасы» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.

1996 жылдың 15 тамыздан бастап 1997 жылдың 22 қыркүйегіне дейін «Халықаралық жүйелік және технологиялық зерттеулер институты» ЖШС директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

1997 жылдың 1 қазаны мен 1998 жылдың 12 ақпаны аралығында «FE SAInt» фирмасының инвестициялар бойынша аға менеджері, «Союз-Мұнай» ЖШС өкілдігінің директоры қызметін қоса атқарған.

1998 жылдың 11 ақпаннан бастап 2001 жылдың 14 мамырына дейін Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімі қызметін атқарды.

2001 жылдың 14 мамырдан бастап 2003 жылдың 31 қаңтарына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2003 жылдың 24 қаңтардан бастап 2003 жылдың 11 маусымына дейін -Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.

2003 жылғы 9 маусымнан бастап 2007 жылғы 7 ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2007 жылғы 5 ақпаннан бастап 2008 жылғы 2 қарашаға дейін – «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының аппарат басшысы, төрағаның орынбасары.

2008 жылдың 3 қарашадан бастап 2011 жылдың 12 қыркүйегіне дейін -«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының хатшысы.

2011 жылғы 13 қыркүйектен бастап 2013 жылғы 26 тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

2013 жылғы 28 тамыздан бастап 2016 жылғы 13 қаңтарға дейін – бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің мүшесі.

2016 жылғы 14 қаңтардан бастап 2019 жылғы 12 тамызға дейін - бесінші және алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі және басқа да наградалары бар.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

Жаркешов Санжар Серикбайұлы
Жаркешов Санжар Серикбайұлы

1986 жылы 24 қазанда Қарағанды облысы Атасу ауылында дүниеге келген.

2009 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы Техас Университетін (Остин қ., АҚШ) «Мұнай-газ инжиниринг» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Остин қаласындағы (Техас, АҚШ) «Мұнай және геосистемалық инжиниринг орталығында» инженер-зерттеуші болып бастап, 2010 жылға дейін еңбек етті.

2010 жылдың шілдесінен қазанына дейін – өндірістік бұрғылау инженері, Қашаған кен орны, Атырау қ., ExxonMobil Kazakhstan корпорациясы.

2010 жылдың қазанынан 2012 жылдың ақпанына дейін – өндірістік бұрғылау инженері, Колорадо, Калифорния және Техас штаттары, АҚШ, ExxonMobil корпорациясы.

2012 жылдың ақпанынан 2013 жылдың ақпанына дейін – бұрғылау инженері, Қашаған кен орны, Атырау қ., ExxonMobil Kazakhstan корпорациясы.

2013 жылдың ақпанынан маусымына дейін – аға бұрғылау инженері, Ирак, ExxonMobil корпорациясы.

2013 жылдың маусымынан 2015 жылдың тамызына дейін – бас бұрғылау инженері, Сахалин аралы, Ресей, ExxonMobil корпорациясы.

2015 жылдың тамызынан 2016 жылдың наурызына дейін – аға проект инженері, ұңғы құрылысы инженері, «Болашақ» мұнай өңдеу зауыты, Қашаған проекті, Атырау қ., ExxonMobil Kazakhstan корпорациясы.

2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың наурызына дейін – өндірістік супервайзерлер басшысы және аға бұрғылау инженері, Перт қ., Шотландия, Merlin ERD компаниясы.

2018 жылдың наурызынан осы күнге дейін – мұнай индустриясы бойынша басқарушы консультант және жаһандық эксперт, Лондон қ., Ұлыбритания, McKinsey and Company компаниясы.

Әлемнің 17 мемлекетінде істеген 11 жылдық халықаралық, өндірістік және басқарушылық тәжірибесі бар.

2014 жылы – мұнай ұңғысын бұрғылаудан әлемдік рекорд жасады (Z-40 ұңғысы, 13000 метр, Сахалин аралы, Ресей Федерациясы).

2016 жылы – Дүниежүзілік Мұнайшы-инженерлер Қоғамының «Бұрғылау саласындағы көрнекті жетістіктері үшін» атты халықаралық сыйлығын алды.

2016 жылы – Британдық арнаулы «Кәсіби маман-Инженер» атағын алды (Chartered Engineer») және Британдық «Инженер-Механиктер Институты Кеңесінің» мүшесі болып сайланды.

2017 жылы – Ұлыбританияның мұнай өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін Патшайым Елизавета ІІ атындағы сыйлық алды (Merlin ERD компаниясының құрамында).

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы