Жолдасов  Зұлфұхар  Сансызбайұлы

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы

1976 жылы 16 маусымда дүниеге келген.

Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік заң университеті, заңгер мамандығын бітірді;

Қарағанды қаласында Қарағанды мемлекеттік технологиялық университеті, эколог, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі мамандығын бітірді.

Еңбек жолын 1999 жылдың қаңтарынан Алматы облысында «Құнарлы» өндірістік кооперативінде заңгер лауазымынан бастады.

1999 жылғы маусымда ҚР Қарулы күштер қатарына жедел әскери қызметке шақыртылды, 6654 ә/б.

2000 жылғы маусым - 2007 жылғы сәуір аралығында әскери прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2007 жылғы сәуір - 2008 жылғы сәуір аралығында Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасында жұмыс істеді.

2008 жылғы сәуір – 2011 жылғы қаңтар - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне бас сарапшы – экологиялық инспектор лауазымында жұмыс атқарды.

2011 жылғы қаңтар – 2012 жылғы шілде – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

2012 жылғы шілде – 2015 жылғы желтоқсан – ҚР ҚОҚМ ЭРБК Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

2015 жылғы желтоқсан – 2019 жылғы шілде - ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Төраға орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы шелдеден бастап қазіргі кез аралығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы.

Мемлекеттік басқару және қоршаған ортаны қорғау саласында түрлі курстар мен оқулардан өтті.

Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары

1974 жылы 22 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген.

1996 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қаратау филиалын инженер-электромеханик мамандығы бойынша білім алған.

1999 жылы Тараз мемлекеттік университеті М.Х.Дулати экономика-менеджмент мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1996 жылы Тараз қаласында Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының стажері лауазымынан бастаған.

1997 жылдың қыркүйегінен 1998 жылдың тамызына дейін Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының «Электрификация» кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді.

1998 жылдың тамыз айынан 1999 жылдың наурыз айына дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің "Электрификация" кафедрасының зертханасының меңгерушісі болып жұмыс атқарды.

1999 жылдың сәуір айынан 2002 жылдың шілде айына дейін Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі/Тараз қаласы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік және энергетикалық кешен бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

2002 жылдың шілдесінен 2003 жылдың қыркүйегіне дейін «Тараз 2000» корпоративтік қоры директорының орынбасары.

2003 жылдың қазан айынан 2006 жылдың шілде айына дейін «Әулие Ата» корпоративтік қоры директорының орынбасары, директоры болып тағайындалды.

2006 жылдың шілде айынан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, отын-энергетика бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарды.

2007 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың қаңтарына дейін Маңғыстау облысы әкімдігінің «Береке» МКК директорының орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылдың қаңтар айынан 2013 жылдың ақпан айына дейін «Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ бастығының орынбасары болып тағайындалды.

2013 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың желтоқсан айына дейін «Қызылорда облысы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ директоры болып қызмет атқарды.

2015 жылғы желтоқсаннан бастап 2018 жылғы наурызға дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайыдалды.

2018 жылдың наурыз айынан бастап 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқаруда.

Умаров  Ермек  Қасымғалиұлы

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары

1980ж. 03 маусымда, Ақтөбе обласы, Ақтөбе қ. туды.

Білімі жоғары, 2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын аяқтады (өндірісті ұйымдастыру бойынша инженері), 2006 жылы Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық университетін бітірді (тау инженері-мұнайшы), 2009 жылы Бизнес халықаралық академиясын бітірді (магистр дәрежесі берілді), 2013 жылы York University (іс әкімшілендіру доқторы дәрежесі берілді).

Еңбек өтілін 1997 жылы ҚР ішкі істер органдарында Ақтөбе қаласында бастады.

2004 ж. қаңтар айынан 2006 ж. шілде айына дейін «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе қ. қауіпсіз техникасы және еңбек қорғау бойынша инженері лауазымында еңбек етті.

2006 ж. шілде айынан 2008 ж. қыркүйек айына дейін «КаспийНефть ТМЕ» ЖШС Ақтөбе қ.бас техникалық басшысы лауазымында жұмыс істеді.

2008 ж. қыркүйек айынан 2010 ж. тамыз айына дейін Ақтөбе қ. «КВ Petroleum» ЖШС бас директорының орынбасары болып еңбек етті.

2010 ж. тамыз айынан 2012 ж. ақпан айына дейін Ақтөбе қ. «Sino Technicg Актобе» ЖШС бас директоры.

2012 ж. ақпан айынан 2012 ж. наурыз айына дейін ҚР АШМ Ақтөбе ауыл шаруашылық басқармасыныың бөлім басшысының м.а., Ақтөбе қ.

2012 ж. наурыз ауынан 2012 ж. шілде айына дейін «КЕН өнеркәсіп-қаржы тобы» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, Ақтөбе қ.

2012 тамыз айынан 2013 ж. наурыз айына дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы, Орал қ.

2013 ж. наурыз айынан 2015 ж. желтоқсан айына дейін Манғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы, Ақтау қ.

2015 ж. желтоқсан айынан 2019 ж. маусым айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы, Петропавл қ.

2019 ж. маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы