Қайнарбеков Асхат Қанатұлы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы

Білімі:

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. Мамандығы: «Құқықтану» (1997)

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті. Мамандығы: «Экономика» (2003)

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті. Мамандығы: «Іскерлік әкімшілік шебері» (2006)

Гарвард бизнес мектебі. Мамандығы: «Көшбасшыларды дамыту бағдарламасы» (2009)

Колумбия университеті. Мамандығы: «Экономика бойынша мемлекеттік басқару» (2016)

Жұмыс өтілі:

1998-2001 жж. – Сыртқы істер министрлігінде қызмет

2001-2002 жж. – Талғар ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы

2002-2007 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Корпоративтік қаржыландыру департаментінің менеджері, директор орынбасары

2008-2010 жж. – «Қамқор Менеджмент» ЖШС экономика және қаржы бойынша бас директордың орынбасары

2010-2018 жж. – Ақмола облысы әкімінің орынбасары

2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы

2019 ж. тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы.

 

Жүнісов Нариман Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары

Білімі:

Омбы мемлекеттік аграрлық университеті Жоғары профессионалды оқудың Федералды мемлекеттік оқыту мекемесі. Мамандығы: «Шикізат, жануарлар өнімдерінің және балық өнімдерінің  сапасы бойынша инженер» (2003)

Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті. Мамандығы: «Экономика» (2007)

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. Мамандығы: «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» (2019)

Жұмыс өтілі:

2004 - 2006 жж. – жеке секторда қызмет

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Ақмола облыстық балық шаруашылығы территориялық басқармасының балық аулауды реттеу және басқа да су жануарларын өндіру бөлімінің бас маманы, Көкшетау

2008-2011 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балық шаруашылығы және су биоресурстары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы

2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балық ресурстарын қорғау, балық аулауды реттеу және ғылыми қамтамасыз ету басқармасының басшысы

2013 – 2014 жж. – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі  Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары

2014 – 2016 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары

2016 – 2019 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Балық ресурстарының өсімін молайту және акваөсіру басқармасының басшысы

2019 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы

2019 жылдың қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы