Шалабаев  Қайсар  Оңласынұлы

Цифрландыру және ақпараттандыру департаментінің Директоры

1987 жылы 27 қарашада дүниеге келген.

2007 жылы Қазпотребсоюздың сауда-экономика колледжін бітірді (бағдарламашы),2010 жылы Тұран-Астана Университеті (ақпараттық жүйелер бакалавры).

07.01.2006 - 12.12.2007 - «Астана строй-проект» ЖШС бағдарламашысы.

02.01.2008 - 09.11.2012 - «Сапаржай Астана» ЖШС бағдарламалық қамтамасыз ету инженері.

12.09.2012 – 30.04.2013 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің Ақпараттандырудың жаңа үлгісін қалыптастыру және жобалық құжаттамасын талдау басқармасының сарапшысы.

30.04.2013 - 11.05.2014 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің «Электрондық үкіметті» дамыту және ілгерілету басқармасының бас сарапшысы.

12.05.2014 – 24.10.2014 - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпараттық технологияларды дамыту департаментінің «Электрондық үкіметті» дамыту басқармасының бас сарапшысы.

24.10.2014 – 03.05.2015 - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобаларды басқармасының бас сарапшысы.

04.05.2015 – 21.07.2016 - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы.

22.06.2016 – 31.07.2017 - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің «электрондық үкіметтің» ішкі контур басқармасының басшысы.

01.08.2018 – 03.09.2019 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті Директорының орынбасары.

17.09.2018 – 13.09.2019 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әкімшілік-шаруашылық қызмет департаменті Директорының орынбасары.

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаментінің Директоры лауазымына тағайындалды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы