Қуат Айгерім Қуатқызы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры

 

 

 

 

 

 

 

Керей  Бекберген  Дүйсенбайұлы

Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

1971 жылы 1 қарашада Павлодар облысы Шарбақты ауданы Чалдай ауылында дүниеге келген.

1993 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтын «Инженер-жерге орналастырушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Павлодар облысының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі Баянауыл аудандық комитетінің маманы болып бастаған.

1997-1999 жылдары Павлодар облысы Баянауыл ауданы бойынша Жер инспекциясының бастығы болып жұмыс істеді.

1999-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының Баянауыл ауданы бойынша Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2003 жылғы 25 сәуірден 2004 жылғы 14 маусымға дейін Павлодар облысы Баянауыл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

2004 жылғы 16 маусымнан 2014 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінде жұмыс істеді. Министрліктерде маман лауазымынан бастаған және департамент директоры лауазымына дейінгі жолынан өткен. Мемлекеттік экологиялық бақылау саласында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.

2014 жылғы 1 қазаннан бастап 2016 жылғы 22 шілдеге дейін «Жасыл экономика» департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылғы 2 ақпан мен 6 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымын қоса атқарған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істейді.

Марапаттар:

«Экология саласының үздігі» төсбелгісі (2009 жыл);

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 жыл);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің Құрмет грамотасы (2015 жыл);

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2017 жыл).

Қазақстанның келесі патенттерінің авторы:

1. Қатты-тұрмыстық және сұйық өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату құрылғысы.

2. Термопластикалық Пластмассадан моноблокты бұйымдарды алуға арналған құрылғы.

3. Металл құбырдың ішкі бетіне пластмасса жабынын жағу тәсілі.

4. Полиэтилен және полиэтилен регенераттан жасалған бұйымдарды термиялық престеу тәсілі.

5. Металл құбырларды термопластикпен сыртқы қабықшалау тәсілі және оны жүзеге асыру құрылғысы.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Тілдерді білуі:

Қазақ және орыс тілдері.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы