Ахметова Ұлжан Төлегенқызы

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры

1983 жылы 16 ақпан туылған.

2005 жылы «Агроэкология» мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін бітірді.

2009 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірді.

2012 жылы «Экологиялық саясат және менеджмент» мамандығы бойынша Бристоль университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын бітірді.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі.

Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 14 жыл.

20.09.2005ж. – 12.02.2008ж. – Астана қаласы бойынша Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (зертхана-талдамалық бөлімінің жетекші маманы, бас маманы);

12.02.2008ж. - 28.09.2009ж. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау Комитеті Әкімшілік-құқықтық басқармасының сарапшысы;

28.09.2009ж. - 28.04. 2012ж. - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық саясат және орнықты даму департаменті Орнықты даму басқармасының сарапшысы;

28.04.2012ж. - 05.03.2014ж.- Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Стратегиялық жоспарлау және мониторинг департаментінің бас сарапшысы;

05.03.2014ж. - 01.10.2014ж. - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Стратегиялық жоспарлау және даму департаменті Стратегиялық жоспарлау және талдау басқармасының басшысы.

01.10.2014ж. - 31.05.2015ж Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Жиынтық ақпарат басқармасының басшысы;

01.06.2015ж. – 22.10.2019ж. - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің орынбасары;

2019 жылғы 23 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы