Мұсағалиев Жарқын Қамбарқанұлы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология және минералдық-шикізат базасын дамыту департаменті директорының орынбасары

Мұсағалиев Жарқын Қамбарқанұлы 1960 жылы туған.

Білімі-жоғары. Шығыс гуманитарлық инситутты "Юриспруденция" мамандығы бойынша бітірген.

1985 жылдан бастап Өскемен май құрастыру зауытының инженер-технологы болып жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап ШҚО соттар әкімшілігінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2007 жылдан бастап ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жер қойнауын пайдалану және түсті металлургия бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2011 жылдан бастап ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап "KazWaste" қалдықтарды басқару қауымдастығы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология және минералдық-шикізат базасын дамыту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы