You are here

Басшылық

Тұрлыбек  Арман  Алашұлы

Су ресурстары комитетінің төрағасы

Тұрлыбек Арман Алашұлы – 1971 жылы 6 мамырда Қарағанды облысында туды.

Экономикалық, техникалық білім бар. Алматы Энергетика және байланыс институтын, Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын аяқтады.

1999 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімдігінің жүйесінде Энергетика және байланыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Сәтпаев атындағы қаланың әкімі қызметін атқарды.

2008-2010 жж. Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және тарифтік саясат мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2010-2014 ж.ж. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы болды.

2014-2016 жж. Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінде жауапты қызметтерді атқарды.

2016-2019 ж.ж. Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімі болып қызмет атқарды.

2019 жылдың ақпан айынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Нұрсұлтан қаласы әкімінің орынбасары болды.

2019 жылдың 26 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының лауазымына тағайындалды.

«Астанаға 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» құрметті төсбелгісімен марапатталған. «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағының иегері.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы