You are here

Басшылық

Надырбаев  Ақбатыр  Алуадинұлы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы

Надырбаев Ақбатыр Алуадинұлы 1957 жылы туған. Білімі жоғары. «Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлау» мамандығы бойынша В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы бастаған, экспедиция геологынан бастап орталық мемлекеттік органның басшысының орынбасарына дейін өткерген.

1993 жылдан бастап Батыс-Қазақстан аумақтық геологиялық басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

1994 жылдан бастап Қарағайлы геологиялық барлау экспедициясының бастығы болып, «Ақтөбегеология» АҚ директоры, «Зерттеу», 1996 жылдан 1999 жылдар аралығында «Батысрудгеология» АҚ бас геологы болып жұмыс істеді.

1999 жылдар 2008 жылдар аралығында Батыс-Қазақстандық өңіраралық «Батысқазжерқойнауы» геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы орынбасары болып жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Батыс- Қазақстандық өңіраралық «Батысқазжерқойнауы» геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2012 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2014 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2017 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2019 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы.

Қазақстан Республикасының геология саласын дамытуға үлесін қосқаны және ерен еңбектері үшін «Қазақстан Республикасы Жер қойнауының құрметті барлаушысы» (2002 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалдарімен марапталды.

Тналиев Мирболат Мақсотұлы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары

Тналиев Мирболат Мақсотұлы 1967 жылы туған. Білімі жоғары. 1989 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына түсіп, 1994 жылы мұнай мен газ тау-кен инженер-геологі мамандығы бойынша К.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін үздікпен бітірген.

2006 жылы заңгер мамандығы бойынша Орал еңбек және әлеуметтік қатынас академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы жұмысшыдан бастап Комитет төрағасының орынбасары лауазымына дейін өсті.

1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін «Поиск» (бұрын «Оралмұнайгазгеология» ӨГБ), «Қарашығанақгазпром» ӨБ, «Қазақгаз» МХК геологиялық қызмет бөлімінде техник-геолог, инженер-геолог болып істеді.

1998 жылдан бастап 2003 жылғы наурызына дейін «Аксайгазсервис» АҚ өндірістік-техникалық, Қарашығанақ кен орны ұнғымаларына күрделі жөндеу жұмыстары, қызмет көрсету мен мониторинг жүргізу департаментерінде инженер-геолог, геологиялық қызмет жетекшісі болып жұмыс істеді.

2003 жылдың наурыз айынан 2008 жылға дейін «Батысқазжерқойнауы» басқармасының Батыс аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының бастығы болды.

2008-2014 жылдары арасында «Батысқазжерқойнауы» өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің Батыс Қазақстан аумақ испекцияның басшысы болып жұмыс істеді.

2014-2018 жылдары арасында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің Батыс Қазақстан аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы қызметін атқарды.

2018 жылдың тамыз айынан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.

2018 жылдан 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология комитетінің Жер қойнауын геологиялық зерттеу басқармасының басшысы болды.

2019 жылғы 27 қыркүйектен бастап Қазақстан Республиксаы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Әбдікешов  Алмат  Жанболатұлы

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасының орынбасары

Алмат Жанболатұлы Әбдікешов 1984 жылы туған. Жоғарғы білімді.2006 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша О.А. Байқоңыр атындағы Жезқазған университетін, 2008 жылы экономика мамандығы бойынша Еуразиялық гуманитарлық институтын бітірген.

Еңбек жолында 2004 жылы жұмысшыдан бастап Комитет төрағасының орынбасары лауазымына дейін өсті.

2004-2005 жылдар аралығында Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс корпорациясы Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты» акционерлік қоғамында Анненский кенішінің бірінші санатының жерасты оқушысы, кейін екінші санатты жерасты сазшысы болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму комитетінде және бірқатар Департаменттерінде бас маман, жетекші маман және сарапшы қызметтерін атқарды.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Хатшылығының сарапшысы, кейін бас сарапшысы болып, 2012 жылы осы Министрліктің Активтерді басқару департаментінің даму институттарымен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы ретінде тағайындалды.

2012 жылдың қазанынан бастап 2013 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі, 2013 жылғы наурыздан бастап 2014 жылғы қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры, 2014 жылдан бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры, 2016 жылдың сәуірінен 2018 жылдың наурызына дейін Адами ресурстармен жұмыс департаментінің директоры болып қызмет атқарады.

2018 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2019 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасының орынбасары.

Сатиев  Талгат  Бахтыярович

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасының орынбасары

Сатиев Талгат Бактыярович 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Тау-кен инженері біліктілігі бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетінде білім алған.

Еңбек жолын 1992 жылы қарапайым қызметкерден бастап, орталық мемлекеттік органның аймақтық бөлімінің басшысына дейін өткен.

1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Шығыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасының Семей аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының жетекші маманы, бас маманы, бас маман-инспекторы қызметтерін атқарды.

2008 жылдың наурыз айынан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Шығыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасының Семей аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының бастығы болды.

2012 жылдың сәуір айынан 2013 жылдың ақпан айына дейін «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2013 жылдан 2014 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2014 жылдың 1 қазанынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төраға орынбасары болып тағайындалды.

2019 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасының орынбасары.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы