Қазақстан Республикасы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Жауапты хатшысының 2019 жылғы

__________ №______ бұйрығымен

бекітілді

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң
Су ресурстары комитеті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік орган және оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық  актілерімен және осы Ережемен жүктелген су қорын пайдалану және қорғау саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет Министрлікке ведомстволық бағынысты, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.

6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Комитеттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының Экология, геология  және табиғи ресурстар министрімен (бұдан әрі – Министр) келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Жауапты хатшысы (бұдан әрі – Жауапты хатшы) бекітеді.

8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8,  «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесi.

10. Комитеттің аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес Комитеттің ведомстволық бағынысты бөлімшелер тізбесіне және 2-қосымшаға сәйкес Комитет қарамағындағы аумақтық бөлімшелер тізбесіне сәйкес  ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

13. Комитет Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік су объектілері мен шарттық қатынастарға түспейді.

Егер Комитетке заңнамалық актілер мен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі  мақсаттары, функциялары, құқықтары
және  міндеттері

14. Мақсаттары:

су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету, стратегиялық, реттеушілік, атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын орындау.

15. Функциялары:

1) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және белдеулерінде шаруашылық қызметтіңрежиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) су объектілерінің бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су жіберу көлемдерін белгілейді;

3) жерүсті су объектілері үшін су сапасы стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;

5) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

6) су объектілерін бірлесіп пайдалануға беруді келіседі;

7) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

8) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;

9) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

10) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;

11) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;

12) судың және оны пайдаланудың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

13) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;

14) экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі;

15) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

16) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;

17) жалпы республика бойынша негізгі өзендер мен басқа да су объектілерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасын әзірлейді;

18) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

19) республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

20) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

21) су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимдерін белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

22)  ауызсу сапасындағы жер асты суларын ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;

23) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;

24) ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн келіседі;

25)  ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;

26)  бөгеттерді  декларацияланатын  бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;

27) су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;

28) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жерүсті су объектілері үшін су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

29) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

30) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

31) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады;

32) өз құзіреті шегінде халықаралық  ынтымақтастықты  жүзеге асырады;

33) өз құзыреті шеңберінде халықаралық шарттарды жасасу және шарт күшін жою бойынша ұсыныстар енгізеді;

34) өз құзыреті шеңберінде халықаралық шарттарды жасасу және шарт күшін жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

16. Комитеттің құқықтары және міндеттері.

Комитеттің құқықтары:

1) Комитет құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қатынасқа түсу;

2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан Комитет құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;

3) Комитетпен реттелген қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Комитеттің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау болып табылады, оның ішінде:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаттандырылуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беруге қатысу;

қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат беруге қатысу;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау.

2)  Осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген қызметтерді уақытылы және сапалы орындау.

3-тарау. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

17. Комитет басшылығын төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

18. Төрағаны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жауапты хатшының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.

20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

1) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

2) Жауапты хатшыға Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;

3) еңбек қатынасы мәселелері  заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

4) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

5) Министрлікпен келіскеннен кейін ведомстволық бағынысты ұйымдардың және олардың аумақтық бөлімшелердің басшыларын (өңірлік филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын) қызметке тағайындауға және қызметтен босатуғы келісім береді;

6) Министрліктің Жауапты хатшысына аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;

7) еңбек қатынасы мәселелері  заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа,өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

8) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапкершілікте болады;

9) еңбек қатынасы мәселелері  заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

10) еңбек қатынасы мәселелері  заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемеақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

11)  Комитеттің аумақтық бөлімшелері  басшы орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру мәселелерін шешеді;

12) Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басшылары болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша орындау басшы орынбасарына немесе Комитеттің аумақтық бөлімшесін басқа қызметкеріне жүктеу туралы ұсыныс енгізеді;

13) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің және қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің ережелерін және өзінің құзіреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын бекітеді;

14) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымын бекітеді және штаттық кестесіне келісім береді;

15) нысаналы бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын объектілерді салуға жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техника-экономикалық негіздемені заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;

16) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;

17) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;

18) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың актілерінің қолданылуын жояды не толық немесе ішінара тоқтатады;

19) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;

20) Министрлікпен келіскеннен кейін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізеді;

21) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.

21. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан мемлекеттік органдарға және Министрлігінің құрылымдық бөлімдерімен жіберілетін құжаттарға Комитет басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

4-тарау. Комитеттің мүлкi

23. Комитеттiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Комитеттiң мүлкi оған меншік иесі берген мүлiктiң, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығара алмайды немесе оған өзгедей тәсілмен билік ете алмайды.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою

26. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы