Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Жауапты хатшысының

2019 жылғы «  » шілдедегі
№      бұйрығына
қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігінің Геология комитеті туралы»
Ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру салаларындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Комитет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 32 үй.

9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

10. Комитеттің осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдары және аумақтық бөлімшелері бар.

11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Миссиясы: еліміздің барлық өндірістік салаларын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру.

15. Міндет: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

16. Функциялары:

1) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

3) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

5) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

6) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

7) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 330 Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 мамырда № 16970 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережеге сәйкес ұйымдастыру;

9) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдау;

10) жүргізілген реттеушілік әсерді талдаудың нәтижесін Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;

11) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының          2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;

12) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;

14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;

15) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;

16) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

17) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң немесе іс-қимылдың жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

19) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

20) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

21) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;

22) геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын әзірлеу;

23) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;

24) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын әзірлеу;

25) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпаратты және оның жеткізгіштерін сақтау және есепке алу қағидаларын әзірлеу;

26) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

27) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау;

28) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

29) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу;

30) жер қойнауының мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын, Жер қойнауының мемлекеттік сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлеу;

31) тарихи шығындардың мөлшерiн, геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындау;

32) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені әзірлеу;

33) қорлар жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені әзірлеу;

34) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

35) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

36) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, геологиялық және тау-кен бөлiнiсiн беру;

37) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;

38) геологиялық есептің нысанын әзірлеу;

39) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және 2017 жылғы                               27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;

40) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және  жүргізу;

41) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

42) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсаттарды келісу;

43) жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларын келісу;

44) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жарату) қорытындылар беру;

45) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

46) пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын бағалау туралы есепте ресурстардың «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларының жиырма бес пайызынан астам емес азаюы негізділігін растау;

47) өтініш берілген жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқ екендігін немесе ресурстар перспективасының жоқ екендігін растайтын геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептің мемлекеттік сараптама қорытындысын беру;

48) елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын келісу;

49) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының рұқсатын келісу;

50) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу ұйымдастыру және жүргізу;

51) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

52) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

53) жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

54) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

55) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша есептер нысандарын әзірлеу;

56) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасын әзірлеу;

57) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

58) Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу және пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу;

59) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

60) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық мұнай-газ ұңғымаларды жоюды және консервациялауды жүзеге асыру;

61) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;

62) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;

63) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;

64) керндерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;

65) Жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;

66) жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы және (немесе) сынамаларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;

67) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын нормаланатын ысыраптар туралы деректер негізінде жүзеге асырылатын пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде ысырапты есепке алу;

68) ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжатпен растау арқылы алу, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде растаған жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуын растау;

69) келісімшарттың шарттарында барлау көзделген пайдалы қатты қазбалар кен орнының табылғанын растау (бағалауды талап ететін кен орнының табылғаны туралы қорытынды);

70) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстары жобаларына өзгерістерді келісу;

71) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

72) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірліктерді қабылдау және беру;

73) Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

74)  жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;

75) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт нормалары мен бағасын әзірлеу;

76) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

17. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

Комитет мыналарды:

1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығаруға;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрауға және алуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге шараларды өткізуге;

5) қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Комитеттің міндеттеріне мыналар:

1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;

3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;

4) Комитет теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

5) бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Министрлікке беру;

6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу кіреді;

8) Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

9) Осы ережемен Комитетке жүктелген функцияларды уақыттылы және толық орындау.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

18. Комитет басшылығын төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

19. Төрағаны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жауапты хатшының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.

21. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;        

өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Жауапты хатшыға Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;

3) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

4) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

5) Министрліктің Жауапты хатшысына аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;

6) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

7) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапкершілікте болады;

8) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

9) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемеақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

10) Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларын және басшы орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру мәселелерін шешеді;

11) Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басшылары болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша орындау басшы орынбасарына немесе Комитеттің аумақтық бөлімшесін басқа қызметкеріне жүктейді;

12) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің және қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің ережелерін және өзінің құзіреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын бекітеді;

13) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымын бекітеді және штаттық кестесіне келісім береді;

14) нысаналы бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын объектілерді салуға жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техника-экономикалық негіздемені заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;

15) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;

16) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;

17) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың актілерінің қолданылуын жояды не толық немесе ішінара тоқтатады;

18) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;

19) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

22. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан мемлекеттік органдарға және Министрлігінің құрылымдық бөлімдерімен жіберілетін құжаттарға Комитет басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

24. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы