Халықаралық ынтымақтастық департаменті келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуде:

1) мемлекеттің сыртқы саяси бағытына сәйкес шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматында шет мемлекеттермен өзара іс-қимыл мониторингін, бақылауды қамтамасыз ету;

3) Біріккен Ұлттар ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқалар шеңберінде экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы халықаралық қоғамдастыққа ықпалдасу және ұлттық мүдделерді қорғау;

4) экология, геология және табиғи ресурстар саласында халықаралық шарттар мен келісімдер жасасу;

5) Қазақстанда және шетелде экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша халықаралық іс-шаралар өткізу.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы