Департаменттің негізгі міндеті жер қойнауын геологиялық зерттеуге және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және геология және минералдық-шикізат базасын қалпына келтіру саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

2020 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша Департамент геология комитетімен бірлесіп, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 5 қыркүйекте Атырау қаласында мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасына сәйкес 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Департамент туралы ережеге және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылға арналған нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу кестесіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерде құқықтық нормалардың болмауына мен кемшіліктеріне талдау жүргізілуде.

Осы мониторинг шеңберінде келесі нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіледі:

  1. «Тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 386 бұйрығы
  2. «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы
    21 сәуірдегі № 472 бұйрығы
  3. «Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 312 бұйрығы
  4. «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруге өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы
    11 мамырдағы № 317 бұйрығы
  5. «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы
    15 мамырдағы № 330 бұйрығы
  6. «Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 334 бұйрығы
  7. «Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын және Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 бұйрығы
  8. «Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 341 бұйрығы
  9. «Геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
    2018 жылғы 18 мамырдағы № 342 бұйрығы
  10. «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 367 бұйрығы
  11. «Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 380 бұйрығы.
  12. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпаратты және оның жеткізгіштерін сақтау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 381 бұйрығы
  13. «Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы
    28 мамырдағы № 396 бұйрығы
  14. «Геологиялық есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы
    31 мамырдағы № 418 бұйрығы
  15. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 350 бұйрығы
  16. «Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығы
  17. «Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 402 бұйрығы
  18. «Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 31 мамырдағы № 419 бұйрығы
  19. «Жер қойнауын пайдаланушылардың қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі геологиялық есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 564 бұйрығы

Сондай-ақ, Департамент туралы ережеге сәйкес ҚР минералдық-шикізат базасының даму жағдайына мониторинг жүргізіледі.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы